Тұңғыш президент-дәуір адамы

Ағымдағы жылдың 25 қарашасында Қалалық мәдениет үйінде Тұңғыш Президент күнін мерекелеуге арналған «Тұңғыш президент-дәуір адамы» сәндік-қолданбалы өнер көрме-байқауы өтті.
Көрмеге қаланың оқу орындары мен ұйымдары қатысты. Көрме дәстүрлі іс-шара болып табылады және қала тұрғындарының бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркем шығармашылыққа деген қызығушылығын арттыру және қолдау мақсатында жыл сайын өткізіледі.
Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау кезінде келесі критерийлерді назарға алады: орындау эстетикасы мен сапасы, жұмыстың күрделілігі мен бірегейлігі, көрмені өткізу туралы ережеге сай жұмыстардың сәйкестігі.
Көрмеге әр түрлі орындау техникасындағы (аппликация, тігу, бейнелеу өнері және т.б.) 100-ден астам жұмыстар ұсынылған. Қазылар алқасының қорытындысы бойынша қатысушыларды марапаттау 27 қарашада Қалалық мәдениет үйінде өтеді.

Қалалық мәдениет үйі