Жаппай диктант жазу акциясы

2019 жылдың 26 қарашасында Курчатов қаласының Тілдерді оқыту орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай жұртшылыққа латын графикасын қолданудың маңыздылығын насихаттау, жазу сауаттылығын арттыру, жастарды білікті маман ретінде тәрбиелеу мақсатында жаппай диктант жазу сауаттылық акциясы өтті.
Акцияға әкімдіктің, полиция және әскери бөлімінің мемлекеттік қызметкерлері, Қалалық кітапхананың, Достық үйінің, Қалалық мәдениет үйінің және Жастар орталығының қызметкерлері қатысты.

Тілдерді оқыту орталығы