2019 жылдың 26 қарашасында № 4 жалпы білім беретін орта мектебінде ақпараттық-насихаттау тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйегіндегі «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша педагогикалық ұжыммен кездесу өткізді.
Кездесу барысында ақпарат тобының мүшелері, тарих пәнінің мұғалімдері Е.Ожықов пен А. Жанұзақов Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттары мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы бойынша барлық тапсырмаларды уақытында орындауды қамтамасыз етуге бағытталған «Баршаға ортақ игілік! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» атты Қазақстан Республикасының Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі жоспарын түсіндіріп өтті.
Барлық қызықтырған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.

Курчатов қаласы әкімінің баспасөз қызметі