Мақтанышы елімнің

2019 жылы 29 қараша күні жас ұрпақтың Тұңғыш Президентімізге деген құрмет сезімін қалыптастыру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, азаматтыққа баулу, ел болашағын ойлайтын, халқы үшін қызмет ететін, ұлттық сана-сезімі жоғары мәдениеті қалыптасқан тұлға тәрбиелеу және өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту мақсатында Қалалық кітапханада 1- желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Мақтанышы елімнің» атты поэзиялық кеш өткізілді.
Кешке № 2, № 3 мектеп оқушылары мен «Жас толқын» көркемсөз оқу үйірмесінің оқылымында алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасы Н. Назарбаевтың ерен еңбегі туралы жазылған Қазақстан және шетел ақындарының өлеңдері оқылды.

Қалалық кітапхана