«Дарынды балалар» ойыны

Ағымдағы жылдың 8 қарашасында № 1 мектептің спорт залында Балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы үйінің қосымша білім оқытушылары Сағындыкова А мен Дүрмекова А. жоғарғы сынып оқушылары арасында «Дарынды балалар» атты ойын -бағдарламасын өткізді. Іс-шараның мақсаты: салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыру қабілеттерін дамыту, ұжымдық жұмыс жасай білуге үйрету.

Ойынымыз қызықты өтіп барлық балалар белсене қатысты.