Баланың тууын тіркеу

Баланың тууы-әрбір отбасы үшін шексіз бақыт. Енді сәбимен бақытты сәттерді үзбеуге eGov көмектеседі. Баланың тууын тіркеу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
Ол үшін:
Басты бет → Азаматтар → Отбасы → Отбасылық жағдайы → аланың тууын тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу.
⠀Содан кейін сізге:
• "Қызметке онлайн тапсырыс беру"батырмасын басыңыз.
* Өтінімді толтыру және оған ЭЦҚ немесе смс-пароль арқылы қол қою
• Жеке кабинетте ("Қызметтерді алу тарихы" бөлімінде) көрсетілген уақыт ішінде келіп түсетін сіздің өтініміңізді өңдеу туралы хабарламамен танысу.
* Хабарламада көрсетілген уақытта АХАТ-ға бару, өзімен бірге туу туралы медициналық куәліктің, неке қию туралы куәліктің, анасы мен әкесінің жеке куәлігінің түпнұсқалары болуы тиіс.
⠀Сізге eGov порталының қызметтері мен сервистерін жақсы пайдалануды тілейміз!