«Ólmeıtuǵyn artynda sóz qaldyrǵan» шағын кітап көрмесі мен деректі фильм

2020 жылдың 9 қаңтарында ҚР Президенті Қасым – Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты жарияланған мақаласында халқымыздың ұлы перзентінің мерейтойын лайықты атап өту үшін дайын¬¬дық жұмыстары басталатыны туралы айтылды.
Осыған орай 2020 жылдың 10 қаңтарында Тілдерді оқыту орталығында ой-өрісін кеңейту, рухани тұрғыдан дамыту, Ұлы Абай туралы танымдылық мәлімет беру мақсатында «Ólmeıtuǵyn artynda sóz qaldyrǵan» атты шағын кітап көрмесі ұйымдастырылып, Абай туралы деректі фильм көрсетілді.
Шағын көрмеде Абайдың шығармалары мен өмірбаяны туралы кітаптар қойылған. Іс-шараға қатысушылар деректі фильмнен өздеріне Абай туралы көп мәлімет алып, оқытушының сұрақтарына толық жауап берді.

Тілдерді оқыту орталығы