Оның есімімен біздің қала аталды

2020 жылдың 10 қаңтарында Достық үйінде қала мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларының қатысуымен «Оның есімімен біздің қала аталды» атты тақырыптық бағдарлама өткізілді.
Іс-шара Игорь Васильевич Курчатовтың туған күніне арналды (1903 жыл 12 қаңтар). Бағдарламада «Құпия физиктер. Курчатов.» атты деректі фильмінен үзінділер көрсетілді.
Курчатов туралы өмірбаяндық лентаны оқушылар қызығушылықпен қабылдады. Олар ұлы ғалым физик туралы көптеген жаңа мағлұматтар алды.

Достық үйі