Есть такая профессия родину защищать

10 қаңтар күні қаламыздың мәдениет үйінде 3514 әскери бөлімінің ұйытқы болуымен Қазақстан республикасы Ұлттық Ұланның құрылғанына 28 жыл толуына орай ұйымдастырылған салтанатты шара өтті.
Кеш барысында сөз алған әскери бөлім басшылығы, уақыт бөліп келген ардагер зейнеткерлеріне, қызыметіне адалдық танытып жүрген сарбаздарын алғыс хаттармен марапаттады. Жыл бойы қыруар жұмыс атқарғандарын тілге тиек еткен әскери бөлім жеткен жетістіктері үшін, әскери қызметшілердің отбасыларына, әскери-патриоттық тәрбие берудегі жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп атқарған бірлік пен ынтымақтастықтары үшін алғыстарын білдірді.
Салтанатты шараның соңы, мерекелік концертке жалғасты. Шара қатысушылары Отан алдындағы борыштарын атқарып жүрген, бейбіт күннің батырларының дендеріне саулық, елімізге тыныштық тілеген ақ тілектермен қоштасты.

Қалалық мәдениет үйі