Еріктілер – елге жақын

2019 жылдың тамыз айында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Тоқаев 2020 жыл – Еріктілер жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды.
Еріктілер қызметі – ерекше қайырымдылық демекші, 2020 жылдың 13 қаңтарында Курчатов қаласының Достық үйі ұжымының бастауымен еріктілер акциясы ұйымдастырылды.
Қытымыр аяз бен кез келген уақыттағы ауа-райының қолайсыздығына қарамастан қаламыздың көркеюіне тынымсыз еңбек етіп жүрген жандарға атап айтқанда, шаруашылық жүргізу құқығындағы «Курчатов Водоканалы» МКК мекемесі мен «Балапан» МКК жұмысшыларына сүт қатқан ыстық шай мен тәтті бауырсақ таратылды.
Осы акцияның мақсаты белсенді өмірлік ұстанымы бар адамдарға өзін көрсетуге мүмкіндік беретін еріктілер қозғалысын насихаттау.


Достық үйі