Курчатов қаласы әкімінің кубогы

2020 жылдың 11 қаңтар күні Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына орай, 2002 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер шайбалы хоккейден Курчатов қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды. Турнир қорытындысы бойынша І орынды Курчатов қаласы құрамасы, ІІ орынды Бақыршықтан келген «Батыр» командасы, ІІІ орынды Жезкенттің «Шахтер» командасы иеленді. Үздік ойындарымен көзге түскен ойыншылар жекелей номинациялармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Спорттық клуб