«Қазақта қара сөзге дес бермедім»

Әр ұлттың өз мақтанышы, өз данасы  бар.Қазақ елінің мақтанышы, данасы – ол Абай . Оның шығармалары халықтың жанының арқауын жеткізеді. Абай тек ақын болып қана қоймай, қазақ  халықының  музыкасын , сазын шебер бағалаушы .

Ұлы Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай «Курчатов қаласының №3 орта мектебі» ағымдағы жылдың  7 ақпанында   «Қазақта қара сөзге дес бермедім» атты әдеби-музыкалық кеш өткізілді. Бұл іс-шараға 10 сынып оқушылары  мен мұғалімдері қатысты. Оқушылар  екі жүз жыл бойы келе жатқан  ойынның тереңдігімен және тілдің әсемдігімен таңдандыратын  «Абайдың қара сөздерін» әуенмен оқып, Ұлы ақынның «Көзімнің қарасы» әнін орындап іс шараны аяқтады . Абайдың танымалдығы қазақ жерінде ғана емес , бүкіл әлемге паш . Абайдың аты қазақ халқымен мәңгілік бірге болады