«БЖЗҚ» АҚ –ның қызметтерін «Қазпочта» АҚ бөлімшелері арқылы қамту

2018 жылы «БЖЗҚ» АҚ мен «Казпочта» АҚ арасында өзара ынтымақтастық келісім – шарты жасалған. Бұл келісім-шарттың мақсаты, зейнетақы қызметтерімен шалғай орналасқан елді мекендерді «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы қамту. «Қазпочта» АҚ қызметкерлеріне үйрету жұмыстарын жургізгеннен кейін, «БЖЗҚ» АҚ бөлімшелері жоқ елді мекендерде зейнетақы қызметтері қолжетімді болады. Қазіргі таңда еліміздің 218 елді мекендер тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық почталық байланыс операторлары арқылы алуда.
Біздің аймақ бойынша келесі елді мекендер:
Жарма ауданы: Шар қаласы, Әуэзов ауылы және Жарма пос.
Бородулиха ауданы: Новопокровка ауылы мен Новая-Шульба ауылында.
Бесқарағай ауданы: Қарабас ауылы.
Аягөз ауданы: Мамырсу ауылы.
Үржар ауданы: Бестерек ауылы, Көлденен ауылы.
«Казпочта» АҚ бөлімшелерінде осы елді мекендер тұрғындары келесі қызмет түрлерін ала алады.
салымшының қосымша деректемелерін өзгерту(толықтыру) туралы өтініш рәсімдеу қызметтері (жеке куәлік нөмерін, телефон нөмірін, электрондық және почталық мекен жайды);
салымшының хабарлау тәсілін өзгерту (анықтау) туралы қосымша келісім-шарт рәсімдеу;
Салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы Үкіметімен белгіленген тәртіпте «БЖЗҚ» АҚ–ға БЖЗҚ–ның міндеттемелерін орындауына әсер ететін барлық өзгерістер туралы осы өзгерістер болған күннен бастап он күнтізбелік күн ішінде хабар беруге міндетті екенін естеріңізге саламыз.Сондықтан,егер де деректемелер өзгергенде немесе хабарлау тәсілін өзгерткіңіз келсе (мысалы, кез келген уақытта зейнетақы жинақтарының жай-күйін «Жеке кабинет» арқылы көру үшін) салымшыларға «БЖЗҚ» бөлімшелері орналасқан аудан орталықтарына бару қажет емес. Бар болғаны жеке бас куәлігімен жергілікті почта бөлімшесіне жүгіну жеткілікті.
«Казпочта» АҚ-ң Қазақстан Республикасы аумағында ең кеңейтілінген филиал жүйелері орналасқан. «БЖЗҚ» АҚ одан әрі, басқа да елді мекен салымшылары үшін зейнетақы қызметтерін «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы қамту жоспарда.2020 жылдың бірінші тоқсанында «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін тағы, еліміздін 169 елді мекендерінде, сонын ішінде Семей аймағы бойынша 10 елді мекенде қосылу күтуліде:
Үржар ауданында: Бахты ауылы, Қарабута ауылы, Маканшы ауылы және Келдімұрат ауылында.
Жарма ауданы: Жарық ауылы мен Жанғызтөбе ауылында.
Аягөз ауданы: Тарбағатай ауылы мен Тарлаулы ауылында.
Бородулиха ауданы: Жезкент пос.
Бескарағай ауданы: Жетіжар ауылы.

Ақпаратты дайындаған Серикжанов Б.О. «БЖЗҚ» АҚ Семей өңірлік филиалы Барып қызмет көрсету бөлімінін бастығы.