Визасыз кіру тәртібі 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылды.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 27 қаңтардағы №10 қаулысымен Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына кіру, болу және кету үшін жетпіс екі сағаттық визасыз режим 2020 жылдың 1 шілдесіне дейін тоқтатылған.
Осылайша, аталған қаулы арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының халықаралық әуежайлары арқылы транзитпен өтетін Қытай Халық Республикасының азаматтары үшін Қазақстан Республикасына келудің, болудың және одан кетудің жетпіс екі сағаттық визасыз режимінің қолданылуы бөлігінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 қаңтардағы № 148 қаулысымен бекітілген Көшіп келушілердің Қазақстан Республикасына келуінің және онда болуының, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасынан кетуінің қағидаларының 26-1-тармағының қолданылуы 2020 жылғы 1 шілдеге дейін тоқтатылды.
Бұл шара науқастар мен ауру жұқтырған адамдардың Қазақстан Республикасына келу қаупінің жоғарылауын ескере отырып, сонымен қатар Қазақстан Республикасының аумағында пневмонияның таралуын болдырмау үшін қабылданғанын айта кеткен жөн.