«Қазақшаңыз қалай?»

Қазақстан Республикасының тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және тілдік капиталды дамыту, түрлі әдіс –тәсілдер арқылы қазақ тілінде еркін сөйлеу шеберліктерін жетілдіру мақсатында 2020 жылдың 12 ақпанында Тілдерді оқыту орталығының жұмыс жоспарына сәйкес «Қазақшаңыз қалай?» атты сайыс өтті.
Төрт кезеңнен тұратын сайысқа өзге ұлт өкілдері қатысып, алған білімдерін көрсетті. Қазақ тілінде өздерін таныстырып, оқытушы дайындаған қызықты тапсырмаларды орындады: жоғалған әріптердің орынын табу, сөйлемдерді дұрыс құрастыру, мақалдардың жалғасын табу, бір сөзден бірнеше сөз құру.
Сайыс соңында қатысушылар номинациялар бойынша грамоталар мен естелік сыйлықтармен марапатталды.

Тілдерді оқыту орталығы