Білгірлер сайысы

2020 жылдың 10 ақпанында Қалалық мәдениет үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175-жылдық мерейтойына арналған «Білгірлер сайысы» интелектуалдық сайысы өтті.
Сайысқа қаламыздағы № 4 орта мектептен «Даналар», «Жастар» және Қалалық кітапхананың «Жас толқын» үйірмесінің талантты балалар тобы қатысты.
Тартысты бәсекеге тыңғылықты дайындықтарын көрсеткен топтар, сайыста қамшы салдырмады.
Сайыс соңында топтарды дайындаған № 4 орта мектебінің ұстазы З.Канафиева және Қалалық кітапхананың қызметкері Р. Кучукова алғыс хаттармен марапатталды, ал бар білгендерін ортаға салған білгір топтар арнайы дипломдарды иеленді.