Ішкі саясат

БАҚ туралы ақпараттар

Курчатов қаласында кабельді телевидениенің 2 операторы қызмет етеді – «Поиск» ЖШС, «Султан» ЖК. Операторлармен 12 міндетті телеарнаны көрсетіледі. Олар: «Қазақстан», «Мәдениет», «Балапан», «Хабар», «Ел арна», «KazakhTV», «24 KZ», «Астана», «КТК», «НТК», «7 канал», «31 канал». Тұрғындарды мемлекеттік тілдегі телевидениемен қамту  100%.
2 спутниктік телевидение операторы жұмыс істейді - «OTAUTV», «ID-Net»
Баспалы бұқаралық ақпарат құралдары - жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын екі газетпен және журналдар.
«Курчатов көкжиегі» газеті мемлекеттік тілде 2009 жылғы 5 желтоқсаннан бастап, ал «Спектр Резонанс» газеті орыс тілінде 2003 жылғы 14 ақпаннан бастап шығарылады. Газеттердің басылу мерізімділігі айына 4 рет, әр жұма сайын. Газеттер Семей қаласының «Спектр» газеті ЖШС баспа орталығымен басылады. Әр санның тиражы1000 дана.
Ұлттық ядролық орталықты 2 журнал шығарылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының мерізімді басылатын ғылыми-техникалық журнал – «Вестник». 2000 жылдан бастап шығарылады. Тираж 300 дана. 
Ғылыми–танымдық журнал – «Адам. Энергия. Атом». Үш айда бір рет шығарылады. Тираж 2000 дана.



>
Парақтар өзгертілді: 12-06-2018