Ішкі саясат

Жастар

2016 жылдың І тоқсанына Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарушы биліктің жұмысы туралы ақпараты

«Курчатов қаласының Жастар орталығы» КММ

Берік Серікұлы Жолдахмет Директор – Берік Серікұлы Жолдахмет
1990 жылдың 16 қазанында Үржар ауданы Жоғарғы Егінсу ауылында дүниеге келді.
Білімі – жоғары, 2009 жылы Семей қаласының сервис колледжін «Іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану» мамандығы бойынша, 2012 жылы Семей қаласының Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді.

Қызмет жолы:
09.2009-03.2010 жж. Үржар аудандық Тасарық орта мектебінде іс қағаздарын жүргізушісі;
03.2010-03.2013 жж. Үржар аудандық әділет басқармасының заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің маманы;
03.2013-06.2015 жж. Үржар аудандық жастар орталығының директоры;
01.2016-12.2016 жж. Үржар аудандық білім бөлімінің материалдық база есепшісі;
12.2016-02.2017 жж. Курчатов қаласы бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің экономист-есепшісі;
02.2017 жылдан қазіргі таңға дейін Курчатов қаласының «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры.

Жастар ресурстық орталығының функцияналдық бағыттары:

Мекен-жайы: Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Электронды мекен-жайы: Cеntr_kurch@list.ru
Телефон: 8 /72251/ 2-22-12

 

Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдың ІII тоқсаны бойынша 15 іс – шаралар өткізілді

Ағымдағы жылдың шілде айының 5 күні Курчатов қаласының «Октябрь» алаңында сағат 18:00 де «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтарының Курчатов қаласы бойынша еңбек маусымының салтанатты түрде ашылу өтті. 40 адам қамтылды.

ҚР Діни істері және азаматтық қоғам министрлігінің тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың 14 шілдесі күні жұмыспен қамту орталығында, Жастар ресурстық орталығы мен жұмыспен қамту орталығы бірлесіп «Жұмыссыз жастар үшін ашық есік күні» акциясын өткізді. 25 адам қамтылды.
2017 жылдың шілде айының 25-і күні жастар ресурстық орталығы мен кәмелетке толмаған істері бойынша учаскелік полиция бөлімі «Түнгі қаладағы балалар» акциясы аясында рейд ұйымдастырды.
30 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 4 тамыз күні сағат 18:00-де «Октябрь» алаңында жаздың ең жарық оқиғаларының бірі - бояулар фестивалі өтті. 250 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 5-6 тамыз күндері Жастар ресурстық орталығының бастамасы бойынша әр түрлі қызмет саласында істейтін белсенді жастардан құралған Курчатов қаласының делегациясы Шемонаиха ауданына барды. 19 адам қамтылды.

«Автокино» бейсенбі және жұма күндері сағат 22:00-де көрсетіледі. Келіңіздер көріңіздер! 70 адам қамтылды.

2017 жылдың 10 тамыз күні Жастар ресурстық орталығы «ШҚО Дін мәселелерін зерттеу орталығының» Семей қаласындағы филиалының директоры Еспаев М.К. және Курчатов қаласының бас иманы Түлегенов С.А. мен бірлесіп ұйым, мекеме және кәсіпорындардың жас мамандарымен бірге «Дін және жастар: жаңа шақыру» атты кездесу өткізді. 25 адам қамтылды.

Курчатов қаласының Жастар ресурсық орталығының шақыруы бойынша «ТРИНТА» жеке қоры 2017 жылдың 15 тамыз күні ұйым, мекеме және кәсіпорындардың жас мамандарымен бірге «Ұлы Дала Елі» атты тренинг өтті. Тренингтің мақсаты- Ұлы Дала Елі- Страна Великой Степи ойының құндылығы, мағыналылығы, жаңа кейіпкерлердің «тууы», «су асты тастары және «табыс әдісін» өндіру жайлы ойлардың талқылануы. Сонымен қатар, семинарда Ұлы Дала Елі-Великая степь: кімнің мұрасы, кім оның мұрагері? Ұлы Дала Елі- ұлттық идея ма? Жауапкершілікті кім алады? және т.б. маңызды сұрақтар талқыланды.
Қатысушылар тренингке белсене қатыста. Тренинг тақырыпқа сай видеороликтер көрсетілді. Тренингтің соңында қатысушыларға «Ұлы Дала Елі»атты плакаттары және тезаурустары таратылды.

Курчатов қаласының Жастар ресурсық орталығының шақыруы бойынша 2017 жылдың 15 тамыз күні «ЗУБР» қоры ұйым, мекеме және кәсіпорындардың мамандарымен бірге «Қазақстандық сәйкестік ұрпақтың призмасы арқылы» атты шығармашылық зертхана өткізді. «ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қорының мамандары келесі ұрпақ өкілдері және қазақстандық сәйкестік туралы баяндады.
Шығармашалық зертхана барысында қатысушылар бес топқа бөлініп, соңғы төрт ұрпақтың қазіргі күнге дейін қалай өсіп жатқандары жайлы талқылады. Тақырып бойынша сұрақтар талқыланып, слайдтар көрсетілді.

2017 жылы 17 тамызда сағат 21:00-ден 22:30-ға дейін Құрылысшылар аллеясында таза ауада, ашық аспан астында музыкалық караоке ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу және шығармашылықтарын арттыру. Күннің кешкі салқындығына қарамастан жастар мен қала тұрғындары өздерінің сүйікті әндерін орындап, көңілдерін көтерді.
Ашық аспан астында музыкалық караоке-демалысты жақсы өткізудің бір түрі. Ән сүйер қауымға арналған музыкалық караоке кешін аптаның әр бейсенбісінде ұйымдастырылады.

2017 жылы 18 тамызда Курчатов қаласының 70 жылдығына арналған қала мекемелері мен кәсіпорындары арасында волейбол жарысы ұйымдастырылды. Тартысты да қызықты өткен жарыстың қорытындысы бойынша ІІІ орынды «БАЙКАЛ» командасы, ІІ орынды «ВК РЭК» командасы, І орынды «Жастар ресурстық орталығы» командасы иеленіп грамоталармен марапатталса, ал қаламыздың нәзік жандыларынан құралған құрама қала әкімі орынбасарының алғыс хатымен марапатталды.

2017 жылдың 19 тамыз күні Курчатов қаласына Жастар орталығының шақыруы бойынша Семей қаласынан воркауттын кәсіпқой шеберлері келіп, салауатты өмір салтын ұстанатын жастарға өз өнерлерін көрсетті. Ворк-аут алаңында турниктер мен брусьяларда, сонымен қатар «тұрған жерде» таңқаларлық трюктар көрсетті. Біз шеберлердің қаламызға келгендеріне алғыс айтамыз және осындай кездесулер жиі болады деп сенеміз.

2017 жылдың 20 тамыз күні қаламыздың 70-жылдығына орай «Өз қаламды сүйемін!» атты квест ойыны өткізілді. Бұл ойынның мақсаты- жастардың бос уақытынын және қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысуын ұйымдастыру, қаланың құрылуы мен даму тарихы жайында білімдерін нығайту.
Квест ойынының қорытындысы бойынша, ІІІ орынды «ПОКЕМОНДАР» командасы, ІІ орын «ӘКІМДІК» құрама командасы, І орын «АТОМ ИНСТИТУТЫ» командасы иеленді. Квест жеңімпаздары мен қатысушылары дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні аппаратәкімінің мәжіліс залында ШҚО ішкі саясат басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Балтабеков Еркебұлан Сайлаубекұлы және Шығыс Қазақстан облысының Жастар ресурстық орталығының директоры Есімбекова Арайлым КерімбекқызыКурчатов қаласының белсенді жастарымен кездесу өткізді.

21 қыркүйек күні жастар ресурстық орталығы «Октябрь» алаңында «Мен әлемнің азаматымын! Бейбітшілік үшін мен ... дайынмын» атты акция өткізді.

2017 жылдың 27 қыркүйек күні Достық үйінде қала әкімінің орынбасары А. Глазинскийдің төрағалығымен Курчатов қаласының әкімдігі жанындағы жастар саясаты бойынша Кеңес отырысы өтті.

 

Жастар ресурстық орталығы 2017 жылдың ІI тоқсаны бойынша 17 іс – шаралар өткізілді

Қала жастары «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі кен-байыту кешенінің кен-байыту фабрикасына саяхат жасады. Қаламыздың 70 жылдығына, ҚР Ұлттық ядролық орталығының 25 жылдығына орай мектеп оқушылары «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісі кен-байыту кешенінің кен-байыту фабрикасына саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын-алу, қаламыздың өміріне аса маңызы бар ірі кәсіпорынның бірі кен-байыту фабрикасының тыныс-тіршілігімен таныстыру. 30 адам қамтылды.

2017 жылы 6 сәуір күні Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы №4 орта мектебінің жоғары сынып оқушыларымен «Қазақ мәдениетінің дәстүрлері және ислам» тақырыбында кездесу өткізді. Кездесу барысында ұлттық дәстүрлер мен дін туралы бейнероликтер көрсетілді. 40 адам қамтылды.
11 сәуір күні Жастар ресурстық орталығы қаладағы № 2 орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен кездесті. Кездесудің басты тақырыбы – жыныстық қатынас арқылы таралатын аулурардың алдын алу. 40 адам қамтылды.
Қазақстан полициясының 25-жылдығына орай,  2017 жылғы 13 сәуірде Жастар ресурстық орталығы жол полициясының қызметкерлерімен бірлесіп, қаланың көшелерінде «Қауіпсіздік белдігін тақ!» акциясын өткізді. 100 адам қамтылды.

15 сәуір күні Қазақстанда Қозы Көрпеш – Баян сұлу – ғашықтар күнін мерекелейді. Қалалық мәдениет үйінде Ұлы махаббат күніне арналған байқау өтті. Сыңға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің атынан 3 жас жұп қатысты. 120 адам қамтылды.

Курчатов қаласы жастар ресурстық орталығы және «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен Курчатов қаласының 70 жылдығына орай, 20 сәуір күні «Жайдарлы жастар» атты ЖАЙДАРМАН ойыны болып өтті. "Жайдарман" ұйымдастырушыларының басты мақсаты: қала күнін атап өту, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, жастарды ұлтжандылық пен шығармашылыққа тәрбиелеу. 150 адам қамтылды.
22 сәуір күні Курчатов қаласының 70 жылдығына, ағаш отырғызу күніне орай, қаламызды көгалдандыру, жасыл желекке орандыру мақсатында Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы мен «Жас отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен өтті. 250 адам қамтылды.

Курчатов қаласы жастар ресурстық орталығы №1 мектептің жоғары сынып оқушыларымен бірлесе отырып «Таза мекен» акциясы аясында қаламыздағы белсенді жастарымен сенбілік ұйымдастырды. 70 адам қамтылды.

«Буратино» саябағында сенбілік өтті Курчатов қаласының жастар орталығы №2, №3, №4 орта мектептерінің жоғарғы сынып оқушыларымен бірлесіп «Өткенді болашағымыз үшін сақтайық!» акциясы аясында «Буратино» саябағында сенбілік өткізді. Іс-шараға қатысушылар саябақ аумағындағы қоқыстарды жинап, тазалады. Акцияға 60 адам қатысты.

Дмитрий Гурскийге көмек көрсету бойынша шағын футболдан турнир 2017 жылғы 29 сәуір күні балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде автокөлік апатынан зардап шеккен Дмитрий Гурскийге көмек көрсету бойынша шағын футболдан турнир өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар - Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығы. 250 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 5 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арнап, Курчатов қаласының жастары флеш-моб ұйымдастырды. Акцияның мақсаты – егемен еліміздегі отансүйгіштік сезімін арттыру. Флешмобқа 50-ден астам қала жастары қатысты.

Қалажастары «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісікен-байыту кешенініңкен-байыту фабрикасына саяхат жасады. Қаламыздың 70 жылдығына, ҚР Ұлттық ядролық орталығының 25 жылдығына орай мектеп оқушылары «ҮМЗ» АҚ тантал өндірісікен-байыту кешенінің кен-байыту фабрикасына саяхат жасады. Саяхаттың мақсаты – жастар арасындағы жұмыссыздық тыңалдын-алу, қаламыздың өміріне аса маңызы бар ірі кәсіпорынның бірікен-байыту фабрикасының тыныс-тіршілігімен таныстыру. 40 адам қамтылды.

23 мамыр күні Курчатов қаласының Тәуелсіздік алаңында жастар мен оқушылардың арасында діни экстремизммен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Жастар экстремизмге қарсы» акциясы өтті. 
Акцияға қалалық полиция бөлімшесінің қызметкері, мәдениет үйінің әртістері, «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінің өкілі белсене қатысты. 
Іс-шара Ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айнұр Ахметованың баяндамасынан басталды. 90 адам қамтылды.

2017 жылы 27 маусымда қалалық Достық үйінде мемлекеттік қызметкерлер арасында «Үздік мемлекеттік қызметкер-2017» байқауы өтті. Байқауды ұйымдастырушы Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы.
Байқау мемлекеттік қызметкерлердің қоғамдағы мәртебесін арттыру және жоғары мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту мақсатында ұйымдастырылды. 80 адам қамтылды.

Курчатов қаласының жастар ресурстық орталығы ішкі саясат бөлімімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің 25-жылдығына арналған авто және велошеру ұйымдастырды. 
250 адам қамтылды.

Ағымдағы жылдың 26 маусым күні қалалық әкімдіктің мәжіліс залында Курчатов қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар саясаты бойынша Кеңес төрағасының орынбасары А. Глазинскийдің төрағалығымен Курчатов қаласы әкімдігінің жанындағы Жастар саясаты бойынша Кеңестің 2017 жылғы ІІ тоқсандық отырыс өтті. 
Кеңестің күн тәртібінде 2 мәселе қарастырылды:
1. Жастар арасында денсаулық сақтау және нығайту саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы.
2. Жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан іс-шаралар туралы. 56 адам қамтылды.

Курчатов қаласындағы жайдарман ойынының 10 жылдығына, жастар күні және Астана күндеріне орай ағымдағы жылдың 30 маусым күні Октябрь алаңында Жайдарман ойыны өтті. Ойында қаламыздың топтары өз өнерлерін көрсетті. Ойын барысында көрермендермен викториналық ойын ұйымдастырылып, соңы жастардың би кешіне ұласты. 180 адам қамтылды.

2017 жылғы 5 мамыр күні Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 25-жылдығына және 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай № 3514 әскери бөлімінің атыс алаңында қалалық «Айбын» әскери-спорттық жастар жиыны өтті. 30 адам қамтылды.

 


«Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша атқарушы биліктің жұмысы туралы» ақпарат *.doc 62 Kb
Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы  


Парақтар өзгертілді: 04-10-2017