Ұлы дала елі

Ұлы дала елі: біздің еліміздің өткені, бүгіні және болашағы

XXI ғасырда Еуразия даласының құшақ жетпес кеңістігі қайта құлпырып, гүлденуде. Біз Тарихымыздың жаңа шамшырағын жақтық! Бұл – қайта жаңғырған Ұлы Дала Елі. Біздің сүйікті Отанымыздың халықтық атауы осы. Бұл біздің еліміздің өткенін де, бүгінін де, болашағын да айқындап тұр.
Нұрсұлтан Назарбаев.

«ТРИНТА» жеке қоры «ШҚО ішкі саясат басқармасы» ММ қолдауымен «Облыстың этномәдени бірлестіктерінің қатысуымен Ұлы Дала Елі идеясының әлеуетін ашуға бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу» жобасын жүзеге асыруды бастады. Бұл жоба «Ұлы Дала Елі» идеясының әлеуетін ашып, оның мағынасын халыққа жеткізуге арналған әдістемелік база мен РR-өнімдерді, жасауға, бірыңғай құндылықтар, кейіпкерлер мен символдарды жасауға бағытталған. 
Жоба аясында облыстық Креатив-алаңын өткізу қарастырылған. Оның жұмысына ШҚО қалалары мен аудандары Достық үйлерінің, ШҚО қоғамдық келісім орталығының, этномәдени орталықтардың кемінде 45 өкілі қатысады. Жоба барысында «ТРИНТА» ЖҚ мамандары «ми шабуылдарын», онлайн-пікіртерімдер қатарын және тақырып бойынша радио-викторина өткізуді қарастырып отыр. Сонымен қатар, әдістемелік портфель жасалып, барлық қалаған адамдар арасында таратылады.
Жоба сегіз айға есептелген және 2017 жылдың сәуір-қараша айларында жүргізіледі. Осы аралықта жоба жаңалықтары БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстарда # ТРИНТА_ УВП_Ұлы Дала Елі хэштегімен жарияланатын болады. 
Барлық сұрақтарыңыз бойынша «ТРИНТА» ЖҚ кеңсесіне хабарласа аласыздар 
8 7232 52-53-94, 8 777 765 47 74 (Анкобаева Жадыра, жоба үйлестірушісі) немесе электрондық мекенжайы trinta-kz@mail.ru.

Жоба жаңалықтарынан құр қалмаңыздар!

Ұлы дала елі тақырыбында видео-роликтерді осы сілтеме бойынша жүктей аласыз
Ұлы дала елі  тақырыбында әдістемелік құралдармен плакаттарды осы сілтеме бойынша жүктей аласыз

 

Парақтар өзгертілді: 05-10-2017