Мемлекеттік қызметтер

Мемлекеттік қызметтердің стандартты жобаларын көпшілікпен талқылау

Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша 2019 жылға есебі

Мемлекеттiк көрсетiлетiн қызмет – көрсетiлетiн қызметтi алушылардың өтiнiшi бойынша жеке тәртiппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруға, оларға тиiстi материалдық немесе материалдық емес игiлiктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттiк функцияларды iске асыру нысандарының бiрi.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 қаулысына, 2019 жылғы қыркүйекте енгізілген өзгерістерге сәйкес Курчатов қаласының жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтің 101 түрінен көрсетеді.
2019 жылы жергілікті мемлекеттік мекемелер мен бағынысты ұйымдар арқылы 13493 мемлекеттік қызметтер көрсетілді.
Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген мемлекеттік қызмет саны – 180 қызмет.
Қағаз нысанда, мемлекеттік органның өзінде (ведомстволық бағыныстағы ұйымдар) көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарынан көрсетуге болатын мемлекеттік қызмет саны – 777 қызмет.
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 1152 қызмет.
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 11384  қызмет.
2019 жыл мерзімі ішінде белгіленген мерзімді кешіктіріп көрсетілген мемлекеттік қызметтер, көрсетілген мемлекеттік қызметтің сапасына шағым түсіру, жеке және заңды тұлғалардан түскен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің сапасына арыздарды қарастыру мерзімдерін кешіктіру фактілері болған жоқ.
2019 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру және қызмет алушыларға көрсетілетін қызмет тәртібін түсіндіру бойынша  Курчатов қаласы әкімінің интернет-ресурсы және әлеуметтік желілерге мемлекеттік қызметтер бойынша халықты ақпараттандыру мақсатында 31 мақала жарияланды. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша халықты түсіндіру іс-шараларымен қамту 9 семинар өткізілді.
Қазіргі уақытта мемлекеттік басқаруды қалыптастыру процесінің басты бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жоғарылату, жүйесін қалыптастыру және дамыту болып келеді.
Курчатов қаласының әкім аппараты жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ай сайын ішкі бақылау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 11 бабының 12) тармағына, «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу қағидасы туралы» Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 8 желтоқсан 2016 жылғы № 78 санды бұйрығына сәйкес Курчатов қаласының әкім аппараты басшысының 2019 жылға арналған бақылау іс-шаралары жоспары бекітілді. Жоспарға сәйкес 10 бақылау іс-шаралары жүргізілді.
Бақылау іс-шараларының қортындысына сәйкес 27 кемшіліктер анықталды. Оның ішінде:
Мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін бұзу фактілері – 0;
Мемлекетткі қызметтердің бизнес-процесстерінің бұзу фактілері – 1;
Стандарттардағы толық емес құжаттар бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету фактілері – 3;
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында басқа да заң бұзушылықтар – 169.
Ішкі бақылау қортындысымен жергілікті атқарушы органның 2 лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
2019 жылдың ішкі бақылау жүргізу қорытындысы бойынша 16 ұсыным әзірленді, 16 орындалды.
2019 жылы мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде 21 мемлекеттік қызметтерден бас тарту тіркелді.
«Электрондық үкімет» порталы, электрондық қызмет орталығы арқылы пайдаланушылардың үлесін арттыру үшін қаламыздың әкімдігі және кітапханасында «Өзі-өзіне қызмет көрсету бұрышы» құрылған, қолжетімді орнында интернетке шығу мүмкіндігі бар компьютер мен принтер орнатылған, өздігінен электрондық қызметтерді және ЭЦҚ алуға өтініш рәсімдеу үшін кеңес жүргізіледі.
Жалпы әрбір дербес бөлімде және ауылдық округ әкімдерінің аппараттарында сапалы мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандустар орнатылған, шақыру қоңыраулары бар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізілімімен баннерлар, ақпараттық стендтар орнатылған (стандарттар, регламенттер, мемлекеттік қызметтердің төлқұжаттары, «Call-орталықтарының» байланыс телефондары), күту орындары, құжаттарды толтыру үшін столдар, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін өтініштер үлгілері, кеңсе заттары.
Қала әкімінің ресми интернет-ресурсында www.kurchatov.vko.gov.kz мемлекеттік органмен көрсетілетін қызметтердің стандарттары, регламенттері, «электронды үкімет» порталында электрондық қызметті пайлаланушылар нұсқаулығы орналасқан «мемлекеттік қызметтер» айдары жұмыс істейді. Электрондық қызметтер орталығында http://e-vko.gov.kz мемлекеттік қызметтердің алу тәртібі, Шығыс Қазақстан облысының қалалар мен аудандарының әкімдерінің қабылдау бөлмелері, электрондық сандық қолтаңбаны қайдан алуға болатыны орналасқан. Мемлекеттік корпорацияның аудандық филиалында мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған, ғимараттың іші жабдықталған, күту залдары, шақыру тетігі, пандус орнатылған.

 

 

Мұрағат  
     


Парақтар өзгертілді: 15-01-2020