Мемлекеттік қызметтер

Курчатов қаласында қаңтар-желтоқсан айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

2017 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Курчатов қаласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 192 түрін көрсетті (серпінде: 2016 жыл -175, 2015 жыл - 165, 2014 жыл - 131).
2017 жылы қала әкімдігінің дербес бөлімдері 7427 мемлекеттік қызмет көрсетті (2016 жылы – 8276 қызмет), оның ішінде мемлекеттік органда 6189 қызмет (2016 жылы – 6992 қызмет) және Электронды үкімет порталында 1238 қызмет көрсетілді (2016 жылы – 1284 қызмет), бұл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бөлігі шамамен 18,7 % құрайды (2016 жылы –14,7%).
Тұрғындар арасында баламалы мемлекеттік қызметті дәріптеу мақсатында, Халыққа қызмет көрсету орталығына мемлекеттік органдарға жүгінген қызмет алушыларды бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында ( «Спектр резонанс», «Курчатов көкжиегі» газеттерінде), қала әкімі сайтында және есеп жазбалары бойынша ХҚКО арқылы қызметті алу сызбасын халыққа түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерде үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5 - бабының 2 - тармағы 3 - тармақшасы және 23 - бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет бойынша қала тұрғындарына қажет барлық ақпараттар: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, жергілікті атқарушы органдардың көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері (2017 жылы жаңартылған), көпшілік алдында мемлекеттік қызмет стандарттарын талқылау, ШҚО мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына көпшілік мониторингісі, «Электронды мемлекеттік қызметті қалай алуға болады» бейне ролик, egov.kz арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша баннерлер бар. Электронды үкімет порталына сілтемелер бар. Қала тұрғындарында қала әкімінің сайтынан балабақшаға, тұрғын үйге және жер теліміне кезегін көру мүмкіндігі бар. Әрбір бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық стендтар бар.
2017 жылы «Мониторинг» ААЖ жүйесінде мерзімі бұзылған мемлекеттік қызметті көрсету тіркелмеген.
Дербес бөлімдердің мамандарын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша даярлау мәселесі үнемі бақылауда, соның арқасында 2017 жылы мамлекеттік қызмет көрсетуге тартылған барлық мемлекеттік қызметшілер Курчатов қаласының әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының екі күндік күндізгі курсынан өтті, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру» сертификаты берілді.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мамандары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің және облыстық басқарма мамандарының қатысуымен облыстық әкімдікте Е-әкімдік, Е-рұқсат, Е-лицензиялау, АЖ ХҚКО, АЖ Мониторинг ақпараттық жүйесін қолдану бойынша оқытудан өтті.
2017 жылы Курчатов қаласы әкімінің төрағалығымен және дербес бөлімдердің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық нормалық-құқықтық актілерді сақтау бойынша Курчатов қаласының әкімдігінде 9 семенар өткізілді.
Қала әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті көрсету барысында қолданылатын «электронды үкіметтің өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесінің жұмыс жағдайын сүйкмелдеу және қолдау келісімшартын жасады.

 

2016 жылғы қаңтар-желтоқсан айларындағы Курчатов қаласында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

«Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 қаулысына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мемлекеттік қызметтің 175 түрін көрсетті (серпінде: 2015 жыл - 165, 2014 жыл - 131, 2013 жыл - 78).
2016 жылы қала әкімдігінің дербес бөлімдері - 8726 мемлекеттік қызмет көрсетті (2015 жылы – 7877 қызмет), оның ішінде мемлекеттік органда 6992 қызмет (2015 жылы – 6876 қызмет) және Электронды үкімет порталында - 1284 қызмет көрсетілді (2015 жылы – 1001 қызмет), бұл «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы және Электронды үкімет порталы арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет бөлігі шамамен 14,71% құрайды (2015 жылы –12,7%).
Тұрғындар арасында баламалы мемлекеттік қызметті дәріптеу мақсатында,  Халыққа қызмет көрсету орталығына мемлекеттік органдарға жүгінген қызмет алушыларды бағыттау бойынша жұмыстар жүргізілуде.  Сонымен қатар, бұқаралық ақпарат құралдарында («Спектр резонанс», «Курчатов көкжиегі» газеттерінде), қала әкімі сайтында және есеп жазбалары бойынша ХҚКО арқылы қызметті алу сызбасын халыққа түсіндіру бойынша әлеуметтік желілерде үгіт насихат жұмыстары жүргізілуде.
«Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V Заңының 5 бабының 2 тармағы 3 тармақшасы және 23 бабына сәйкес, мемлекеттік қызмет бойынша қала тұрғындарына қажет барлық ақпараттар: Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы, «Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, жергілікті атқарушы органдардың көрсетілген мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері (2016 жылы жаңартылған), көпшілік алдында мемлекеттік қызмет стандарттарын талқылау, ШҚО мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасына көпшілік мониторингісі, «Электронды мемлекеттік қызметті қалай алуға болады» бейне байан, egov.kz арқылы электронды түрде мемлекеттік қызмет көрсету бойынша баннерлер бар. Электронды үкімет порталына сілтемелер бар. Қала тұрғындарында қала әкімінің сайтынан балабақшаға, тұрғын үйге және жер теліміне кезегін көру мүмкіндігі бар. Әрбір бөлімде көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша ақпараттық стенлтар бар.
2016 жылы «Мониторинг» ААЖ жүйесінде мерзімі бұзылған мемлекеттік қызметті көрсету тіркелмеген.
Дербес бөлімдердің мамандарын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша даярлау мәселесі үнемі бақылауда, соның арқасында 2016 жылы  мамлекеттік қызмет көрсетуге тартылған барлық мемлекеттік қызметшілер Курчатов қаласының әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерін даярлау және біліктілігін арттыру аймақтық орталығының  екі күндік күндізгі курсынан өтті, «Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру» сертификаты берілді.
Сонымен қатар, қала әкімдігінің дербес бөлімдерінің мамандары «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ ақпараттық жүйелерді әзірлеушілердің және облыстық басқарма мамандарының қатысуымен облыстық әкімдікте Е-акимат, Е-разрешение, Е-лицензирование, ИАЖ ХҚКО, Мониторинг ИАЖ ақпараттық жүйесін қолдану бойынша оқытудан өтті.
2016 жылы Курчатов қаласы әкімінің төрағалығымен және дербес бөлімдердің және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация мамандарының қатысуымен мемлекеттік қызмет көрсету кезінде барлық нормалық-құқықтық актілерді сақтау бойынша Курчатов қаласының әкімдігінде 10 семенар өткізілді.
Қала әкімінің аппараты мемлекеттік қызметті көрсету барысында қолданылатын «электрондық үкіметтің өңірлік шлюзі» ақпараттық жүйесінің жұмыс жағдайын сүйкмелдеу және қолда келісім шарт жасады.

 

Мемлекеттік қызымет Мектепке дейінгі мекемеге жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды тіркеу туралы

«Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі балалар мекемелеріне жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы балаларды тіркеу туралы» мемлекеттік қызметі Курчатов қаласының халыққа қызмет көрсету орталығында жүзеге асырылады. Қызметті тұтынушылар жеке тұлғалар болып табылады.

Бірінші кезекте орынға құқығы барлар:

  1. ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  2. жетім балалар;
  3. көп балалы отбасылардың балалары;
  4. әскери қызметкерлердің балалары;
  5. соғысқа қатысушылар және соғыс мүгедектерінің жеңілдіктері мен кепілдіктеріне теңестірілген тұлғалардың балалары.

Балаларды тіркеу үшін қажетті құжаттар:

  1. ата-аналардың біреуінің (анасы немесе әкесі) немесе заңды өкілдерінің жеке басын куәландыратын құжат, баланың туу туралы куәлігі;
  2. жеңілдікті растайтын құжат (бар болған жағдайда);

құжаттар түпнұсқада және көшірме түрінде ұсынылады, тексерілгеннен кейін құжаттардың түпнұсқасы қайтарылады.

Жыл сайын мамыр айында балабақшалардан балалар шыққаннан кейін балабақшаға біріңғай кезекте тіркелген 2 жасқа толған балалар және бос орындарға 2-ден 5 жас аралығындағы балалар жіберіледі.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша Тәуелсіздік к-сі, 4, «ҚР ШҚО Курчатов қаласының білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ
2-57-46 телефоны арқылы хабарласуға болады.

Н. Дроздова

Курчатов қаласында 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 13 қазандағы № 983 Қаулысына, енгізілген өзгерістерге сәйкес 2015 жылдың қазан айынан жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік қызметтің 173 түрі көрсетіледі. 2015 жылдың 1 қаңтарынан 1 қазанына дейін мемлекеттік қызметтің 162 түрі, 2014 жылы 131, 2013 жылы 78 түрі көрсетілді.
2015 жылы қала әкімдігінің дербес бөлімдерімен 7877 мемлекеттік қызмет  көрсетілді (2014 ж. – 6580 қызмет), оның ішінде мемлекеттік органда 6876 қызмет (2014 ж. – 6580 қызмет) және ХҚКО арқылы 1001 қызмет (2014 ж. – 372 қызмет), мемлекеттік қызметті ХҚКО арқылы көрсетудің үлесі шамамен 12,7% (2014 ж. –   5,3%) құрайды.
Көпшілікке тарату мақсатымен тұрғындар арасында балама мемлекеттік қызметтер бойынша  мемлекеттік органдарға, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінген қызметалушылар бағыты бойынша жұмыс жүргізіледі. Сондай-ақ ХҚКО арқылы қызметтер алу схемаларын тұрғындарға түсіндіру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында («Спектр резонанс», «Курчатов көкжиегі» газеттері), қала әкімінің сайтында және есеп жазбалары бойынша әлеуметтік желілерде үгіттеу жұмыстары жүргізіледі.  
2015 жылы «Іздестіру жұмыстары үшін жер телімдерін пайдалануға рұқсат беру» қызметі бойынша Курчатов қаласында мерзімі өткен 1 қызмет (2014 жылы – 49 қызмет) тіркелген. Осы қызмет қағаз жүзінде өңделді және өтініш берушіге уақытында жауап берілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша дербес бөлімдердің мамандарын даярлау мәселесі бақылауда, 2015 жылы ШҚО әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы М. Гагаринаны шақырумен семинар-кеңестер өткізілді. 
Сондай-ақ дербес бөлімдердің мамандары Е-әкімдік, Е-рұқсат, Е-лицензиялау, ХҚКО ЫАЖ, Мониторинг ЫАЖ ақпараттық жүйелерін қолдану бойынша облыстық әкімдікте облыстық басқарма мамандары мен ақпараттық жүйелерді жасаушылардың қатысуымен оқудан өтті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде пайдаланатын, 945 720 теңге сомасында, «Электронды үкіметтің аймақтық шлюзі» ақпараттық жүйесін ілестіру және жұмыс жағдайында ұстау үшін  қала әкімі аппаратымен келісім-шарт жасалған.

 

2014 ж.

Курчатов қаласының әкімдігімен 2014 жылы барлығы 23618 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның:
21 297 мемлекеттік органдағы таңдаусыз қызметтер;
1680 мемлекеттік органдағы таңдаулы қызметтер;
370 Халыққа қызмет көрсету орталығындағы таңдаулы қызметтер;
271 электрондық қызметтер.

Ағымдағы жылда дербес бөлім қызметшілерінің қатысуымен және Халыққа қызмет көрсету орталығының мамандарымен 6 дөңгелек үсетл өткізілді:
2014 жылғы 10 қаңтарда «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық кісі тасу көліктері және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері зерделенді;
2014 жылғы 30 қаңтарда «Білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері зерделенді;
2014 жылғы 20 наурызда «Курчатов қаласының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері зерделенді, кездесу қорытындылары бойынша хаттама жасалды, онда жауапты тұлғаларға кемшіліктер мен ескертулерді жою жөнінде тапсырмалар берілді;
2014 жылғы 11 маусымда ағымдағы жылдың 6 ай қорытындысы бойынша үлкен кездесу өткізілді. Қорытынды нәтижелері бойынша барлық басшыларға барлық стандарттар мен регламенттердә орнаалстыру, мемлекеттік қызмет Паспорттарын құру, ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайту жөнінде айтылды;
2014 жылғы 16 қыркүйекте «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтерінің стандарттары мен регламенттері зерделенді, кездесу қорытындылары бойынша хаттама жасалды, облыс әкімінің аппаратына интеграцияланбайтын АЖ жою бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде тапсырмалар берілді.
2014 жылғы 20 қарашада ағымдағы жылдың 9 айында мемлекеттік қызметтерді көрсету бойынша жауапты бөлімдермен кездесу өткізілді. Кездесу қорытындылары бойынша барлық бөлім басшыларына ХҚКО арқылы көрсетілетін қызметтердің үлесін ұлғайту, азаматтарды ХҚКО жіберу, қала әкімінің сайтындағы мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша мәліметтерді жаңарту жөнінде тапсырмалар берілді.

2014 жылы азаматтарды e-gov электрондық үкіметі арқылы қызметтерді алу жөніндегі видео ролигі «Курчатов студиясындағы» жаңалықтар легінен соң 6 рет көрсетілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселеелрі, мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерін түсіндіру бойынша ақпарат ай сайын  жергілікті «Курчатов көкжиегі» және «Спектр резонанс» газеттерінде орналастырылады.
Ағымдағы жылы 61 мақала, оның: 2-еуі ақпанда, 7-еуі наурызда, 3-еуі сәуірде, 8-і мамырда, , 3-еуі маусымда; 2 в шілдеде, 7-еуі тамызда, 11-і қыркүйекте, 10 –ы қазанда, 10-ы қарашада, 2-еуі желтоқсанда. орналастырылды.
Барлық материалдар екі тілде жарияланады, және Курчатов қаласының ресми сайтының жаңалықтар легінде қайталанады.
Курчатов қаласы әкімінің ресми сайтында «Мемлекеттік қызметтер» айдары жасалған, онда сайттың кез келген кірушісі мемлекеттік қызмет саласындағы нормативті-құқықтық актілермен, сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттерімен, мемлекеттік қызмет паспорттарымен таныса алады, қызмет жобаларымен танысады және ХҚКО телефондары және мекенжайын нақтылау бойынша қажетті ақпаратты ала алады.



Парақтар өзгертілді: 03-04-2019