Әлеуметтік қорғау және алықты жұмыспен қамту

"Халықты жұмыспен қамту орталығы" КМM

Әзімханов Сләмбек Шәріпұлы  Директор – Әзімханов Сләмбек Шәріпұлы
1957 жылы 07 қарашада Семей облысы Көкпекті ауданы Большевик ауылында туды. 1980 жылы Семей зоотехникалық ветеринарлық институтын ветеринар-дәрігер мамандығы бойынша тәмәмдады. 2000 жылы Р.Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжін аяқтады.

Еңбек жолы:
03.11.980– 20.08.1985 жж. Семей облысы Ақсуат ауданы Ақсуат ауылында Ақсуат зооветеринарлық станциясында аға ветеринарлық дәрігер;
20.08.1985–17.01.1990 жж. Ақсуат ауданының халықтық бақылау комитетінің инспекторы;
18.01.1990-01.08.1990 жж. Қазақстан Компартиясының Ақсуат аудандық комитетінің инструкторы;
01.08.1990-18.01.1991 жж. Ақсуат аудандық халық депутаттары кеңесінің президиумының ұйымдастыру бөлімінің референті;
18.04.1991-08.01.1992 жж. Ақсуат ауылдық кеңесі төрағасының орынбасары;
08.01.1992-12.07.1993 жж. Ақсуат ауданының зоотехникалық санитарлық отрядының бастығы;
13.07.1993-09.10.1995 жж. «Төрт түлік» шағын зооветеринарлық кәсіпорынының директоры;
10.10.1995-30.04.1999 жж. Жұмыспен қамту-еңбек биржасы аудандық орталығының инспекторы;
03.05.1999-01.03.2000 жж. Тарбағатай ауданының тұрғындарды әлеуметтік қорғау бөлімінің бас маманы;
01.03.2000-13.11.2000 жж. Тарбағатай ауданының «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесі бөлімінің меңгерушісі;
13.11.2000-02.05.2007 жж. Шығыс Қазақстан облысы зейнетақы төлеу бойынша орталығының Тарбағатай аудандық филиалы бөлімшесінің бастығы;
02.05.2007-27.07.2007 жж. «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі бастығының міндетін атқарушысы;
27.07.2007-02.12.2008 жж. «Тарбағатай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бастығы;
02.12.2008-19.10.2012 жж. Тарбағатай ауданы әкімінің орынбасары;
22.10.2012-03.09.2013 жж. Курчатов қаласы әкімінің орынбасары;
04.09.2013 жылдан осы уақытқа дейін Курчатов қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығынің директоры.

Мекен-жайы: ШҚО, Курчатов қаласы, Тәуелсіздік көшесі, 4
Телефоны: 3-42-47, 3-42-77
Жұмыс тәртібі: дүйсенбі мен сенбі аралығында сағат 09.00-ден 18.30-ге дейін.
Үзіліс уақыты: 13.00-дан 14.30-ге дейін.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы «29» желтоқсандағы №919 қаулысымен бекітілген
Паспорт (негізгі параметрлер)

 Атауы Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы
 Мақсаты Халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және азаматтарды кәсіпкерлікке тарту
 Міндеттері 1. Еңбек нарығының қажеттілігін есепке ала отырып техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау.
2. Еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқу.
3. Кәсіпкерлік негіздеріне оқыту.
4. Ауылда және қалада микрокредит беруді кеңейту.
5. Жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу.
6. Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру.
7. Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру

Бірінші бағыт:
Бағдарламаның бірінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
2) жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқыту.
Бағдарламаның бірінші бағытының операторы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі болып табылады.  

Техникалық және кәсіптік білім
Бағдарламаға қатысушыларға техникалық және кәсіптік білім беру ТжКБ бар кадрларды даярлау бойынша мамандықтар тізбесіне және оқытудың екідеңгейлі моделінің модульдік бағдарламаларына сәйкес тегін беріледі.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған және тұрмысы төмен отбасылардың мүшелері қатарындағы 9-11-сыныптарды бітірушілер, оқу орындарына түспеген, жұмыс іздеп жүрген адамдар, сондай-ақ азаматтардың өзге санаттары ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
ТжКБ бар кадрлар даярлау бойынша Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, бір реттік ыстық тамақпен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқу
Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту кадрларды даярлаудың дуальды моделінің элементтерімен білім беру ұйымдарында, оның ішінде мобильді оқу орталықтары арқылы жүргізіледі.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудың ұзақтығы кәсіптің ерекшелігіне қарай бір айдан алты айға дейінгі мерзімді құрайды.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар 29 жасқа дейінгі жастағы жастар мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар болып табылады.
Қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтетін Бағдарламаға қатысушылар оқуына ақы төлеу бойынша мемлекеттік қолдаумен, стипендиямен, жол жүру ақысымен қамтамасыз етіледі. Басқа қаладан келген қатысушылар үшін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу көзделеді.
1) қысқа мерзімді кәсіптік оқуға үміткерлер Бағдарламаға қатысуға өтінішпен халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді және тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлауды және қысқа мерзімді кәсіптік оқуды ұйымдастыру қағидаларында көзделген құжаттарды ұсынады;

Екінші бағыт
Бағдарламаның екінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
2) кәсіпкерлік бастамаларды қолдау;
3) қалалар мен ауылдарда микрокредиттерге кепілдік беру.

Микрокредиттер ауылдық елді мекендерде, шағын қалаларда және қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушыларға ұсынылады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар мен кәсіпкерлік әлеуеті бар өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар мен ауыл шаруашылығы кооперативтері және олардың мүшелері Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысушының микрокредит алуы үшін міндетті шарт салық заңнамасына сәйкес оның салық органдарында тіркелуі болып табылады.
Микрокредиттер:
2) қалаларда (шағын қалалардан басқа) жаңа микрокәсіпорындар құру, жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту үшін ұсынылады.
Микробизнесті ашу үшін микрокредиттер «Бастау Бизнес» жобасы шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткеннен кейін не соңғы екі жыл ішінде басқа бағдарламалар шеңберінде кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан  өткендігі туралы сертификаты бар болса беріледі.
Микрокредит жұмыс істеп тұрған бизнесті кеңейту және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру шартымен ұсынылады.
Микрокредиттер қалаларда екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ), қорландыру «Даму» КДҚ» АҚ арқылы жүзеге асырылатын микроқаржы ұйымдары арқылы ұсынылады. 
Микрокредит беру ұйымдарына/екінші деңгейдегі банктерге/микроқаржы ұйымдарына/кредиттік серіктестіктерге/«АШҚҚҚ» АҚ-ға негізгі қарызды өтеу бойынша кредит беру мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылады.
Бағдарламаға қатысушыларға микрокредит беру шарттары:
1) микрокредит мерзімі – 5 жылға дейін, мал шаруашылығы саласындағы жобалар және ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру үшін – 7 жылға дейін;
2) микрокредиттің ең жоғары сомасы – 8 мың АЕК-ке дейін;
3) жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 6 %-дан аспайды;
4) негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді және кредитордың шешімі бойынша микрокредит беру мерзімінің ұзақтығы үштен бір бөліктен аспайтын мерзімде сыйақы алу мүмкіндігі;
Ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда бизнес-жобаларды іске асыратын немесе іске асыруды жоспарлайтын Бағдарламаға қатысушылар үшін микрокредит ұсыну тетігі:
1) үміткерлер тікелей не ӨКП аудандық филиалдары/ауылдық округтер мен елді мекендердің әкімдері арқылы кәсіпкерлік қызметке жәрдемдесу шаралары бойынша консультациялар және Бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкес келуі тұрғысынан тексеруден өту үшін халықты жұмыспен қамту орталықтарына жүгінеді;
2) микробизнес ашуды жоспарлайтын кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары жоқ үміткерлер және мүдделі үміткерлер «Бастау Бизнес» жобасына немесе Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына қатысу үшін жіберіледі;
1) халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша және оқыту курстарынан өткендігі туралы сертификаттары бар (микробизнес ашушылар үшін міндетті) үміткерлер МҚҰ/ЕДБ-ға кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Қалаларда кредит беру/микрокредит беру қағидаларында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, микрокредит алуға өтінішпен жүгінеді;
2) Бағдарламаға қатысушылар жобаның бизнес-жоспарын әзірлейді және микрокредит алу үшін өтінішпен ЕДБ/МҚҰ-ға жүгінеді;
3) ЕДБ/МҚҰ әлеуетті бизнес-жобаны бағалауды жүргізеді, микрокредит беру мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қорытынды береді және шешім қабылдайды;

Үшінші бағыт
Бағдарламаның үшінші бағыты мынадай міндеттерді іске асыруды көздейді:
1) жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
2) еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру;
3) жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру.

Бағдарламаға қатысушыларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында мынадай мемлекеттік қолдау шаралары көрсетіледі:
1) әлеуметтік кәсіптік бағдарлау, кәсіп таңдауда көмек көрсету, оқу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша консультациялар;
2) лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;
3) әлеуметтік жұмыс орындарын құру;
4) жастар практикасын ұйымдастыру;
5) қоғамдық жұмыс орындарын ұйымдастыру.
Жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және Заңға сәйкес басым құқықтарды пайдаланатын өзге адамдар жұмыспен қамтамасыз етуде қолдау көрсетілетін Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау
Әлеуметтік кәсіптік бағдарлау:
1) еңбек қызметі, еңбек нарығының жай-күйі, қолда бар мамандық бойынша жұмысқа орналастыру немесе кәсіптік оқытудан өту мүмкіндіктері туралы кәсіби хабардар етуді;
2) адамның жеке-психологиялық сипаттамасының, өмірлік жағдайлары ерекшеліктерінің, кәсіптік білімдерінің, дағдыларының, қызығушылықтарының, денсаулық жағдайының және еңбек нарығындағы қажеттіліктердің негізінде жұмыс орны мен кәсіп таңдауда кәсіби консультацияны;
3) нақты кәсіп (мамандық) түрлері және лауазымдар үшін айқындалған біліктілік талаптарына адамдардың сәйкестігін белгілеу арқылы кәсіби іріктеуді қамтиды.
Кәсіптік бағдарлау жұмыс іздеген адамдар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, студенттер, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары үшін жүзеге асырылады.

Лайықты бос жұмыс орындарын іздеу және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу
Жүгінген азаматтар үшін лайықты бос жұмыс орындарын іздеуді және жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді халықты жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
Халықты жұмыспен қамту орталықтары Бағдарламаға қатысушыларға:
1) дерекқорда бар бос жұмыс орындарына;
2) жұмыс берушілер өз бетінше мәлімдеген жұмыс орындарына;
3) іске асырылатын мемлекеттік және салалық бағдарламалар шеңберінде құрылатын жұмыс орындарына;
4) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктері арқылы жұмыс орындарына;
5) жалақысы ішінара субсидияланатын әлеуметтік жұмыс орындарына, сондай-ақ жастар практикасын өтуге арналған жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетеді.
Қажетті біліктілігі болмағандықтан, жұмысқа орналаса алмай жүрген Бағдарламаға қатысушылар Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде ТжКБ бар кадрларды даярлауға және қысқа мерзімді кәсіптік оқуға жіберіледі.

Әлеуметтік жұмыс орындарын құру
Жұмыс беруші халықты жұмыспен қамту орталығымен уағдаластық бойынша жалақысын субсидиялай отырып, жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орнын құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасқан жұмыссыздардың жалақысына берілетін ай сайынғы субсидия мөлшері экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді есепке алмағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыны ескергенде жалақының белгіленген мөлшерінің 35 %-ын құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда айқындалған ең төменгі жалақы мөлшерінен аспауға тиіс.

Жастар практикасын ұйымдастыру
Жастар практикасы білім беру ұйымдары түлектерінің меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша бастапқы жұмыс тәжірибесін алуы мақсатында түлектер үшін ұйымдастырылады.
Жастар практикасы меңгерген кәсібі (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының, оқуды аяқтаған кейінгі 3 жыл ішіндегі және жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыздарға арналған.
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады.
Жастар практикасы бойынша жұмыс  уақытша сипатқа ие болады. Жастар практикасының ұзақтығы 6 айдан аспайды.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларынасәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Республикалық немесе жергілікті бюджеттен айына субсидиялау, экологиялық үстемеақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, мөлшері 25 айлық есептік көрсеткішті (салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысына өтемақыларды және банк қызметтерін ескергенде) құрайды.  

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру
Халықты жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтамасыз ету үшін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырады. Қоғамдық жұмыстар жұмыскердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және әлеуметтік пайдалы бағыттылығы бар.
Қоғамдық жұмыстар жергілікті бюджет қаражаты және жұмыс берушілердің тапсырыстары бойынша олардың қаражаты шегінде қаржыландырылады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға:
1) жұмыссыздардың;
2) жазғы демалыс кезеңінде студенттердің және жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларының;
3) жұмыстың тоқтап тұруына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдардың құқығы бар.

Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру
Жұмыс күші тапшы өңірлерді жұмыс күшімен қамтамасыз ету, өңірлердегі диспропорция мен демографиялық теңгерімсіздікті жою мақсатында Бағдарлама шеңберінде өз еркімен қоныс аударуға жәрдемдесу есебінен еңбек ресурстарының аумақтық ұтқырлығы ынталандырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және олардың отбасы мүшелері жаңа тұрғылықты жерге ерікті түрде қоныс аудару бойынша Бағдарламаға қатысушылар болып табылады.

Жұмысқа орналастыру бойынша бірыңғай цифрлық алаң құру
Бағдарламаның осы бағыты жұмыс іздеу және персоналды іріктеуге жәрдемдесу үшін «Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасын құруды көздейді.
«Еңбек биржасы» еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасында:
1) әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесінің бөлігі болып табылатын және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған «Еңбек нарығы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі (ААЖ);
2) жұмыспен қамтудың жекеше агенттіктерінің дерекқорындағы;
3) жұмыс іздеу және персоналды іріктеу интернет порталындағы (бұдан әрі – портал) деректер қамтылған.
«Еңбек нарығы» ААЖ жұмысқа орналастыруда делдалдық көрсету, мониторинг жүргізу және есептілікті қалыптастыру және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграциялауды қоса алғанда, халықаралық өзара іс-қимыл мақсатында халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметін автоматтандыруға арналған.
«Еңбек нарығы» ААЖ-ны халықты жұмыспен қамту орталықтары қалыптастырады және жұмыс іздеп жүрген адамдар, жұмыссыздар және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бос жұмыс орындары (бос лауазымдар) және жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын көрсету және еңбек делдалдығы туралы ақпаратты  қамтиды.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы *.doc 30 KB
2016 жылы «ШҚО Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ – мен атқарылған жұмыс туралы ақпарат *.doc 43 KB
2016 жылдың 01 желтоқсан жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат *.doc 49 KB
2016 жылдың 01 қараша жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат *.doc 49 KB
2016 жылдың 01 қазан жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат *.doc 48 KB
2016 жылдың қыркүйек жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат. *.doc 53 KB
ЖҚЖК – 2020 бағдарламасы бойынша тегін оқу *.doc 715 KB
Өндірістік құнын сату жәрмеңкесі *.doc 34 KB
Бос орын жәрмеңкесі *.doc 34 KB
2016 жылдың 01 наурыз жағдайына «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылу туралы ақпарат *.doc 34 KB
2015 жылға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы жұмысының қорытындысы *.doc 34 KB
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат *.doc 29 KB
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарлама қатысушыларының өнімнің өндірістік құнын сату жәрмеңкесі *.doc 46 KB
Қолданыстағы жұмыспен қамту бағдарламасы *.doc 52 KB
2015 жылдың 1 қаңтар айының жағдайы бойынша 12 айдағы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат *.doc 33 KB


Парақтар өзгертілді: 24-08-2017