Әлеуметтік қорғау және алықты жұмыспен қамту

"Өрлеу" жобасы

Жалғыз адаммен емес, отбасымен жұмыс істеу

Мемлекеттің саясаты - әлеуметтік корғалмаған тұрғындар тобының өмір сүру деңгейін жақсарту. Бүгінгі таңда дүние жүзінде әлеуметтік қорғаудың екі жолы бар: әрекетсіз топқа көмектесу (жасына және денсаулығына байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтындар); белсенді топқа демеу жасау тұрмысы төмен еңбек жасындағы тұрғындар, еңбек рыногында өз орнын таба алмағандар.
Қазақстан Республикасының 17.07.2001 жылғы №246-11 «Мемлекеттік әлеуметтік көмек туралы» заңында атаулы әлеуметтік көмек  азаматтарға, жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 40% төмен болса беріледі. АӘК мөлшері – отбасының жан басына шаққандағы табысы мен 40% күнкөріс деңгейінің арасындағы айырмашылық. Алайда АӘК - әрекетсіз әлеуметтік көмек: отбасы бұл көмекті таңдап алу шегі біткенше алады.
«Өрлеу» жобасы кедейліктен шығуға мүмкіншілігі бар топқа, тек кездесетін қиыншылықтарды жеңуге көмек қажет ететін, өз мүмкіндіктерін толық пайдалауға ұмтылғандарға беріледі.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) пен шартты ақшалай көмек (ШАК) арасында қандай айырмашылық бар? «Өрлеу» жобасындағы шартты ақшалай көмек жан басына шаққандағы отбасының табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса беріледі. Бұл «Өрлеу» жобасы бойынша ШАК алу АӘК алушылардан көп отбасыны қамтиды. Сонымен бірге «Өрлеу» жобасы көмектің белсенді түрін ұсынады, әлеуметтік бейімделу, өмірде кездесетін отбасының ауыр кезеңдерден дұрыс өту жағдайы қаралған. Яғни ақшалай көмектен басқа, отбасы жобаға қатысу шарты есебінде өзіне міндеттер алады. Бұл міндеттер мемлекет және отбасы тарапынан қабылданатын «Өрлеу» жобасының келісімде көрсетіледі.
Еңбек нарығы дамыған қалаларда әлеуметтік бейімделу – жұмыс орнын іздеу, жұмысы барларға қосымша табыс көзін табу, уақытша жұмыс орнындағыларға тұрақты жұмыс орнын іздеу, оқыту және қайта оқыту көмегін көрсету.
Ауыл тұрғындарына келсек әлеуметтік бейімделу өзіне тиісті жерін кеңейту және оны ұтымды пайдалану, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, жеке мешіктегі өнімді өткізу, оны сатып алушыларға көлікпен жектізу және т.б., мәселер.
Өрлеу жобасын алғашқы еңгізу кезеңінде тұрмысы төмен отбасының қатысуы ерікті түрде. Алайда отбасы «Өрлеу» жобасына қатысудан бас тартса, онда әлеуметтік көмек төмен пайызда (күнкөріс деңгейінің 40%) беріледі. «Өрлеу» жоспарын іске асыру қортындысы:

Әлеуметтік келісім – қоғамның ілгері дамуының шарты және кедейлікті жеңудің жолы, отбасының әлеуметтік көмекпен ғана шектеліп, еңбек рыногында белсенділік танытпаудан сақтайды. Әлеуметтік келісім – адамдарды белсенділік жасауға және ортаға бейімделуге көмектеседі.

«Өрлеу» жобасының мақсаты не?
«Өрлеу» жобасының басты мақсаты адамдардың өмір сүру деңгейін жақсарту, келешекте отбасы мүшелерінің еңбек ету арқылы, немесе кәсіпкерлік, немесе ауыл шаруашылығын тиімді жүргізу арқылы өзін-өзі қамтамасыз ету.

Әлеуметтік бейімдеу бағдарламасына не кіреді?
«Өрлеу» бағдарламасының мақсатына жету үшін бейімдеу бағдарламасы барлық ісшараларын қосу керек:
- өтініш беруші және оның отбасындағы басқа да жұмыс атқармайтын адамдардың  жұмысқа қабілетті мүмкіндіктеріне тікелей байланысты. Мамандықтарға оқыту, басқа мамандықтарға қайта оқыту, өз ісін ашу үшін қаржы және заңгерлік жағынан арнайы дайындықтар, ауылшаруашылықты жүргізудің тиімдірек кеңестері.
- мақсатқа жетуге кедергі болатын ісаралық әрекетті жою. Бұл жағдай денсаулығына байланысты болуы мүмкін, соның ішінде алкоголизм, баланы мектепке дейінгі мекемеге орналастыру мәселесі. Әлеуметтік бейімдеу бағдарламасы бойынша өтініш берушінің қоғамдық жұмысқа қатысуы және жоғары деңгейде жәрдемақы төлеу де жатады.

«Өрлеу» жобасына кімдер қатыса алады?
«Өрлеу» жобасына ШАК алуға өтініш берген адам (отбасы), егер отбасының әр мүшесінде шаққандағы айлық табысы күнкөріс деңгейінен 60% төмен болса және әлеуметтік келісімнің шарттарын орындауға келісім берген жағдайда қатысады.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін не істеу керек?
«Өрлеу» жобасына қатысу үшін отбасы мүшесі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне тұратын мекен-жайы бойынша өтініш білдіреді. Өтініш білдіру үшін отбасының барлық мүшелерінің ЖИН болуы керек, сонда ғана өтініш иесі өтініш бланкасын және отбасы және материалдық-тұрмыстық жағдайы туралы анкетасын ақысыз алады. Өтініш беруші өтініш пен анкетаны жеке өзі толтырады және басқа құжаттармен «Өркен» жобасына қатысу үшін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, немесе кент, ауыл, ауылдық округ әкімдігіне тапсырады. Құжаттарды қабылдау кезінде оның түгелдігі және толық толтырылғандығы тексеріледі.

«Өрлеу» жобасына қатысу үшін қандай құжаттар қажет?
Әртүрлі мемлекеттік органдарда әр адамның жеке базасында қажетті құжаттар тіркелгендіктен «Өрлеу» жобасына қатысу үшін қажет құжаттар тапсыру біршама қысқарған. Қажет құжаттар өтініш берушісіз жеке базасынан алынады.

«Өрлеу» жобасына өтініш берушінің тапсыратын құжаттары: 

  1. жеке басын растайтын құжат;
  2. орталық атқарушы органмен бекітілген отбасы мүшелері туралы мәлімет;
  3. отбасы мүшелеріне (қажет жағдайда) қамқоршылығын растайтын құжат (қорғаншылық);
  4. тұрғылықты тұрып жатқан орнында тіркеуде барын растайтын, мекенжай анықтамасы немесе ауылдық округ әкмінің анықтама құжаты;
  5. орталық атқарушы органмен бекітілген нысан бойынша өзіне еншілес шаруашылығы бар немесе жоғы жайлы мәлімет.

«Шыңға шығу үшін – алдыңдағы шығатын таудан көз жазба, себебі сенің бірінші қадамың соңғы қадамыңа байланысты. Алайда артыңа қарауды ұмытпа, себебі сенің соңғы қадамың біріншіге байланысты».
Біздің мемлекетте әлеуметтік-әлсіз топтардың әл-ауқатын көтеруге барлық негіз бар. «Басты міндет – тәуелділікті жою». Лайықты жұмыспен қамтамасыз ету – халықты әлеуметтік қорғаудың негізі, дамуымыздың басты шарты және адамзат мүмкіншілігі қорын іске асырудың жолы, қоғамдық байлықтың өсуі мен өмір сүру сапасын өсіру шарасы.

Парақтар өзгертілді: 31-05-2017