Әлеуметтік қорғау және алықты жұмыспен қамту

Халықтың тіршілік деңгейі

Ең төмен жалақы 28284 теңге
 Ең төмен зейнетақы 33745 теңге
Айлық есептік көрсеткіші 2405  теңге
Күнкөрістің ең төменгі деңгейі 26772 теңге
Кедейлік шегі 13386 теңге

2019 жылдың 1 тамызына Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің әлеуметтік төлемдер туралы ақпараты

Курчатов қаласында Ұлы Отан соғысына қатысқан 4 адам тұрады.
Біздің қалада Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдік бойынша теңестірілген 307 адам.
2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Курчатов қаласында барлық санаттағы 194 мүгедек тұрады ( халықтың жалпы санынан 1,5 пайыз), соның ішінде 40 адам мүгедек балалар: сондай-ақ 1 топтағы мүгедектер – 14 адам ( 7 арбада отырған мүгедек ), 2 топтағы мүгедектер – 70 адам (2 арбада отырған мүгедек ), 3 топтағы – 68 адам, 16 жасқа дейінгі мүгедек-балалар – 42 адам (3 бала арбада отырған мүгедек).
Тыл еңбеккерлері – 51 адам (соның ішінде 4 адам – тыл еңбеккері мәртебесіне ие болған, ҰОС қайтыс болған мүгедектердің әйелдері).

Әлеуметтік төлемдер

2019 жылдың 1 шілдесіне «Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ тұрғын-үй көмегін тағайындау туралы өтініштерімен 59 адам тұратын 16 отбасы жүгінді. 15 отбасына 437,9 мың теңге сомаға көмек тағайындалды.
Қалада мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға және қарттар мен мүгедектерге үйден жеке әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жоқ. Жыл басынан үйде көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтер 22 жалғыз тұрып жатқан қарт адамдар оның ішінде 3 мүгедек пен 6 мүгедек-балаларға, барлығы 28 адамға төрт әлеуметтік қызметкерлермен көрсетіледі. Курчатов қаласында арнаулы әлеуметтік көмекті алуға кезек жоқ.
Мүгедек балаларды үйде оқытуға арналған шығындарды өтеу 2019 жылға 455,0 мың теңгені құрайды, жарты жылда төрт балаға 202,0 мың теңге төленді.
2019 жылы 28 міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін 14 өтініш қабылданды және 14 адам оның ішінде 6 бала 100 пайыз қамтылды.
2019 жылы 17 құралға 10 адамнан өтініш түсті, 6 құралмен 5 мүгедек қамтылды, қалғаны ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламларды үйлестіру басқармасы мемлекеттік сатып алуларды өткізгеннен кейін қамтамасыз етілетін болады.
Жеке көмекші қызметін ұсыну үшін 1 топтағы 2 мүгедектен өтініш түсті, 2 мүгедек жеке көмекшінің қызметін алуда.
Ағымдағы жылы қозғалыс құралдарына 5 адам өтініш берді, 100 қамтылды.
2019 жылы шипажай – курорттық емделуге 15 өтініш түсті. 5 мүгедек Семей қаласының «Karagaily» Шипажайы» медициналық-әлеуметтік мекемесінде ем қабылдады және 5 адам денсаулық жағдайына байланысты, жазғы кезеңге қалдырылды. Ағымдағы жылдың маусым айында бір мүгедек Алматы қаласының «Спутник» шипажайында ОЖБ картасы бойынша ем алды.
2018 жылы Зырян ауданының Грехово ауылының оңалту орталығына оңалтудың жеке бағадарламасы бойынша 2 топтағы 1 мүгедек жіберілді. 2019 жылы мүгедектің қалауы бойынша ағымдағы жылдың кезкелген уақытында оңалту іс –шараларын ала алады.
2019 жылы бір мүгедек психикалық-неврологиялық медициналық-әлеуметтік мекемеге жіберілді. 1 жалғыз басты қарт зейнеткер Семей қаласының -әлеуметтік мекемеге рәсімделді.
Облыс аумағында орналасқан «Уба» шипажайы» КММ 2019 жылдың 6 айында 22 зейнеткер демалып, денсаулықтарын түзеді.
2019 жылға атаулы мемлекеттік көмекке 25 550 мың теңге бөлінді. Осы жәрдемақы жыл басынан 287 адам, соның ішінде 239 18 жасқа дейінгі тұратын 59 отбасыға тағайындалды. Төленген атаулы мемлекеттік мекенжай көмек сомасы 16 961,0 мың теңгені құрады.
«Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша жекелеген азаматтардың санаттарына әлеуметтік төлемдер» бағдарламасы бойынша 2019 жылға жергілікті бюджет қаражаты есебінен 3 530,3 мың теңге бөлінді, жыл басынан бастап 3 337,6 мың теңге 59 адамға төленді.
Жыл басынан он бастап әлеуметтік маңызды аурумен ауратындарға 413,3 мың теңге, 5 адамға 2018 жылдан бастап және 2019 жылы 5 адамға төленді.

2019 жылдың 1 тамызына жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша Курчатов қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмысы туралы

2019 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша «Курчатов қаласының тұрғындарды жұмыспен қамту орталығы» КММ 465 жұмыссыз азамат жүгінді, соның ішінде 250 адама жұмысқа орналастырылды. Жұмысқа орналастыру деңгейі жұмысқа орналасу мәселесі бойынша жүгінген азаматтардың санынан 56,0 % құрады. Экономикалық белсенді тұрғындар санынан тіркелген жұмыссыздардың саны 2,2 пайыз немесе 163 адамды құрайды.
Жұмыссыз адамдардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру мақсатында, қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылды, 26801,6 мың теңге бөлінді. 2019 жылы нысаналы топ ішінен 140 жұмыссыз азаматты жіберу жоспарланған, жыл басынан 93 адам жіберілді, қоғамдық жұмыс аяқталғаннан кейін 23 адам жұмысқа орналастырылды. 1 тамыздағы жағдай бойынша 17398,6 мың теңге игерілді.
Жұмысқа орналастыру деңгейін арттыру мақсатында, жұмыссыз азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ұсынылады, республикалық бюджеттен 2841,0 мың теңге сомада қаражат бөлінді. Жыл басынан бастап 17 жұмыссыз азамат жолданды.
Жыл басынан бастап кәсіби оқуға «электромонтер», «слесарь -сантехник», «тас қалаушы», «сылақшы», «электр- газбен дәнекерлеуші», «күштік жүйелер бойынша электр жөндеуші», «тігінші», «кондитер», «азпаз», «наубайшы» «қазандық құрылғыларының операторы» мамандықтары бойынша 67 жұмыссыз азамат жіберілді. Ағымдағы жылдың 2 мамырынан бастап 31 шілде аралығында 49 адам оқудан өткізілді. Қалған 18 адам «қазандық құрылғыларының операторы» қазан айында оқуды аяқтайды. Нысналы топ ішінен оқытылды: 1 адам – пробация қызметінде есепте тұрғандар ішінен, 29 жасқа дейінгі 17 адам – жастар, 4 адам- аз қамтылғандар, 10 адам – 50 жастан үлкен адамдар.
Қала кәсіпорындарында жастарды жұмыспен қамтуды ұйымдастыру мақсатында жастар тәжірибесі ұйымдастырылған. 2019 жылы республикалық бюджеттен 4 924,0 мың теңге жастар тәжірибесіне бөлінді. Ағымдағы жылдың 1шілдесінен бастап 12 жас маман жіберілді.

 

 

Парақтар өзгертілді: 20-08-2019